Батыс Қазақстан облысында 2 балықшы құтқарылды

Жарияланды
Балықшылар ақауы бар жүзу құралдарын қолданған

Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар 2 балықшыны құтқарды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. 

Балықшылар көбінесе синоптиктердің болжамдарын ескермейді, дауылды күні жүзу құралдарымен балық аулауға шығады, тексерілмеген, ақауы бар жүзу құралдарын қолданған.

Теректі ауданы Сарыөмір ауылында құтқарушылар қатты желдің және қайық моторының сынып қалуы салдарынан Шалқар көлінің ортасына кетіп қалған 2 балықшыны жағаға алып шықты, олар балық аулауға шыққан болатын.

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті халықтың облыстағы су айдындарда қаза болуына жол бермеу мақсатында азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыз