Елордада «Сергек» жүйесі енгізілгелі қанша айыппұл төленгені айтылды

Жарияланды
Жүргізушілерге 15 миллиард теңге айыппұл салынды

Елордада «Сергек» енгізілгеннен бастап жүргізушілерге 15 миллиард теңге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Нұр-Сұлтандағы «Сергек» жүйесі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы аясында 2017 жылы жүзеге асырылғанын еске салды.

 «Келісімге 2017 жылдың 3 тамызында қол қойылды. 8,2 миллиард теңге – бұл жобаға салынған инвестиция көлемі, келісімнің мерзімі – 6 жыл 7 ай, 24,9 миллиард – әкімдіктің міндеттемелері, әкімдік 2020 жылы оның 4,7 миллиард теңгесін төлеп тастады. 

Нұр-Сұлтанда 15 миллиардқа жеткен барлық айыппұлдың 11 миллиарды мемлекеттік бюджетке төленді. Жоба толығымен келісілген, оған 2017 жылы инвестициялар басқармасы қол қойды. Біз бұл жобаны жалғастырып жатырмыз», – деді Елордалық цифрландыру және мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Ботагөз Қасыбек.

 

Сондай-ақ оқыңыз