Жаңалықтар

Қазақстанда ұн бағасы қымбаттады

Өндірістің ең үлкен көлемі Қостанай, Шымкент, Ақмола облысында

Қазақстанда ұн бағасы қымбаттады. Жоғары сұрыпты ұн бір жылда 24%-ға, ал бірінші сұрыпты ұн – 17% қымбаттады. Бұл туралы energyprom.kz хабарлады.
 

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында еліміздің диірменшілері 2,4 млн тонна ұн өндірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3% -ға аз.

Оның ішінде ұсақ ұнтақталған бидай ұны өндірісі 2,3 млн тоннаны құрады (жылына 2,3% кем), нан өнімдерін дайындауға арналған қоспалар – 167,1 мың тонна (2,3% кем), өсімдік ұны – 10,7 мың тонна (плюс 56%), бидайдан басқа дәнді дақылдардан алынған ұсақ ұн – 5,4 мың тонна (48,4% кем).

Өңірлер бойынша өндірістің ең үлкен көлемі Қостанай облысына тиесілі: 716 мың тонна – өткен жылмен салыстырғанда 8,4% артық. Үздік үштікке Шымкент (297,1 мың тонна, 13,6% кем) және Ақмола облысы (242,3 мың тонна, 4,5% кем) кірді.