Масканың бағасы екі есе арзандады

Жарияланды
ПТР тестте арзандады

Қазақстанда медициналық масканың бағасы 21 теңгеге дейін төмендеді. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.   

Нәтижесінде ПТР-тест бағасы 36 нарық субъектісімен ашық сауда-өткізу саясатын көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасау арқылы 18 000-нан 9 000-ға дейін төмендетілді («Олимп «КДЛ» ЖШС және «Инвиво» ЖШС 9 мың теңгеден аспайтын бағаларды белгіледі, «Сұңқар» ЖШС және «Әйгерім» ЖШС жекелеген зертханалары бағаларды тиісінше 6 000 және 7 000 теңгеге дейін төмендетті).

Медициналық маскалардың бағасын өндірушілер орта есеппен  21 теңге/данаға дейін төмендетті, дистрибьюторлар мен бөлшек сауда желілерінің үстеме бағасы өндірушілермен, дистрибьюторлармен және бөлшек сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенс әзірлеу арқылы 20 теңгеден 3 теңгеге/дана дейін, орта есеппен 60 теңгеден  26 теңгеге/дана дейін төмендеді.

Сондай-ақ оқыңыз