Массачусетс ауруханасының зерттеушілері COVID-19 жаңа симптомын анықтады

Жарияланды
Адамның аяғындағы үсік шалу белгілері сияқты қатты тітіркену мен қызару

Массачусетс жалпы ауруханасының зерттеушілері халықаралық дерматологиялық қоғамдар лигасымен және американдық Дерматология академиясымен бірлесе отырып COVID-19-ға тән емес жаңа симптомын анықтады. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

COVID-19 жұқтырған 12 мың адамның аяғындағы үсік шалу белгілерін еске түсіретін қатты тітіркену мен қызару пайда болған. Дерматологтар бұл құбылысты «Ковидті саусақтар» деп атады.

Науқастардың айтуынша қолдары мен аяқтарының саусақтарында пайда болған қызыл және күлгін түйнектер аздап ауырғанымен, қышымайды екен. Бөртпе жазылғаннан кейін терінің үстіңгі қабаты қабыршақтанып түсіп қалады екен.

Дәрігерлер терінің мұндай қабынуы мен коронавирустың арасындағы байланысты «Ковидті саусақтары» бар балалардың терісінің биопсиясы арқылы анықтаған.

Мұндай белгілер, әдетте, COVID-19 жұқтырғаннан кейін орта есеппен бір-екі апта бойы сақталады, бірақ кейбір науқастарда олар ұзақ уақыт, 130 күнге дейін сақталады екен.

Зерттеушілер жаңа деректердің дәрігерлерге COVID-19 жұқтырған, алайда індеттің айқын белгілері байқалмаған науқастарды анықтауда өз септігін тигізеріне сенімді.

 

Сондай-ақ оқыңыз