Жаңалықтар

Қарағандыда жедел жәрдем көлігі 71 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті

Ер адам оқиға орнында көз жұмды

Қарағандыда жол бойында тұрған адамды жедел жәрдем жүргізушісі қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жедел жәрдем көлігінің 51 жастағы жүргізушісі шақыртуға бара жатқан кезде жол бойында тұрған 71 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

  «Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.