Brent маркалы мұнай барреліне 45 доллардан асты

Жарияланды
WTI маркалы мұнайдың бағасы да өсті

Brent маркалы мұнайдың бағасы 2 қыркүйектен бастап алғаш рет барреліне 45 доллардан асып түсті, деп хабарлайды Интерфакс.

Бұрын хабарланғандай, мұнай бағасының көтерілуіне Джо Байденнің 7 қарашадағы АҚШ-тағы сайлаудағы жеңісі, сондай-ақ Pfizer Inc пен BioNTech компанияларынан жасалған COVID-19 вакцинасының сәтті сынақтары туралы жаңалықтар ықпал етті.

COVID-19 ауруы Еуропада да, АҚШ-та да әлі де өсуде, көптеген елдерде жаңа шектеу шаралары енгізілуде, деп жазады Bloomberg.
 

Сондай-ақ оқыңыз