Елімізде фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 39,7% артты

Жарияланды
Жеңіл өнеркәсіпте 16,4% өсім көрсетті

Жаңа жағдайға бейімделіп, жаңа өндірістерді жолға қою есебінен еліміздің фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 39,7% артты. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Жеңіл өнеркәсіпте де ілгерілеу байқалып, 16,4% өсім көрсетті. Негізінен ол өсім тоқыма бұйымдары өндірісінің 4,4%, киімнің 1,4% және былғары өнімдердің 160,3% ұлғаюына байланысты болды.  

Қағаз және қағаз өнімдері өндіріс көлемінің өсімі 15,0%, ағаш және тығын бұйымдарының өндіріс көлемі 52,6% артты.
 

Сондай-ақ оқыңыз