Жеті айда 12 миллион маска сатқан стартап

Жарияланды
Пандемия кезінде мөлдір маскаға деген сұраныс артып тұр

Алиса Дитмар көптеген кәсіпкерлер тек армандап жүрген бизнесті жүргізіп отыр. Оның компаниясы өз өнімін нарыққа сәуірде ғана шығарып, 7 ай ішінде 12 млн данасын сатып үлгерді. 

Оның бизнесі – маска шығару

Адамдармен сөйлескен кезде Дитмар олардың не дегісі келгенін бет-жүзінен оқып, ыммен түсінеді. Оның құлағы естімейтіндіктен, өмір бойы адамдармен осылай түсінісіп келеді. 

2015 жылы 23 жастағы Дитмар Джонс Хопкинс Университетінің Блумберг қоғамдық денсаулық сақтау мектебіне түсуді жоспарлап жүрген кезінде,  операцияға жатады. Алайда сурдоаудармашысы  жұмыс кестесінде кеткен қатенің салдарынан  келе алмайды. Операция бөлмесінің кіреберісінде күтіп тұрған кезде, хирург кешірім өтіну үшін бетіндегі маскасын шешіп, оларда мөлдір маска жоқ екенін жеткізді. 

Міне, Дитмар операция бөлмесінде хиругиялық маска таққан бір топ  адамның арасында, олардың бет-жүзін көре алмай жалғыз қалды. Оның айтуынша, топырлаған хирургтар не деп жатқанын түк түсіне алмаған: сол сәтте өзін  адам ретінде сезінуден қалып, үрей мен абыржуға толы минуттарды бастап кешірген.

 Дитмар операциядан кейін үйіне оралған соң, досы, Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің студенті Аарон Сюймен бірге бүкіл интернетті шарлап,  мөлдір маска іздеген, бірақ ештеңе таппапты. «Мен мұндай  жайтты қайта-қайта бастан кешіргім келмеді, болмаса басқа біреудің де  осы жайтпен бетпе-бет келгенін қаламаймын», – деп түсіндіреді Дитмар.

Рисунок1_0.jpg

Алисса Дитмар

 Екі жылдан соң Дитмар мен Сюй  тағы екі сыныптасымен бірігіп, мөлдір маска  шығаратын ClearMask фирмасын құрады.  Балтимор қаласында орналасқан компания «негізінен, балалар мен егде жастағы науқастарды қоса алғанда, саңырау және есту қабілеті нашар адамдарға қызмет көрсетуді мақсат етті» дейді Дитмар.

2019 жылы олар АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасынан (FDA) масканы медициналық мақсатта пайдалануға рұқсат алу үшін үлгісін жібереді. 2020 жылдың ақпан айында шетелден мөлдір маскаға деген сұраныс көптеп түсе бастағанда, олар әлі басқармадан жауап күтіп отырған еді. 

«Қытайға маска жеткізушілер мен дистрибьюторлардан көптеген хат пен қоңырау түсе бастады», – дейді Дитмар. Бұл компаниялар ClearMask жөнінде вебсайт арқылы білген, алайда ол FDA рұқсатын алған жоқ еді.

Кесек шешім 

Компания Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасының шешімін күтіп отырған кезде, СOVID-19 эпидемиясы дүние жүзіне таралып, АҚШ-та да жеке қорғаныш құралдарының тапшылығы сезіле бастады. 

ClearMask маскасын медициналық мақсатта пайдалануға әлі рұқсат берілген жоқ-тұғын, бірақ маска тапшылығын ескере отырып, компания өнімді нарыққа шығарудың басқа жолып тапты. Компания FDA-дан рұқсат алуды қажет етпейтін, медициналық түрінен сәл арзандау, қарапайым тұтынушыларға, кәсіпорындарға, мемлекеттік органдар мен оқу орындарына, жұмысшыларға арналған маска шығаруды қолға алды. 

Бұл төрттік пандемия кезінде мөлдір маска тек есту қабілетін нашар жандарға ғана емес, адамның бет-жүзін көргісі келетіндерге қажет болуы мүмкін деген тұжырымға келеді. 
Ішінде 432 дана маска бар бір қораптың құны  – $2,78, бір дана жай масканың бағасы медициналық маскадан шашамен 70 долларға арзан. FDA рұсатын алған медициналық масканың бір қорабы $3,47 тұрады. Ал 24 дана маска салынған қораптағы баға айырмашылығы 80 центті құрайды. 

Компанияға өндіріс көлемін арттырып, электрондық коммерция жүйесіне өзгеріс енгізуге тура келді: көтерме саудаға бағытталған сауданы жеке тұтынушылар нарығына қарай икемдеді. Бұл өз кезегінде  тез арада көп адамды жұмысқа алуды талап етті.  4 адамнан тұратын компания штаты шілдеге қарай 250 адамға дейін көбейді. 

Осы абыр-сабыр мен қиындық арасында  жақсы жаңалық келіп түседі: сәуір айында FDA мөлдір масканы медициналық мақсатта қолдануға рұқсат береді.  Дитмардың айтуынша, олардың дер кезінде жолы болып кетті. 

Нәтижесінде компания сәуір айынан бері әлем бойынша 12 миллион мөлдір маска сатқан. 

«Шығаратын өніміміз расында адамдарға өте қажет дүние боларына көз жеткізу үшін біраз уақытымызды сарп етіп, оған қызығушылық танытқандардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың пікірін ескердік»,– дейді Дитмар. 
 

Сондай-ақ оқыңыз