Трамп сайлауда жеңілгенін мойындамай отыр. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Дональд Трамптың бірнеше кеңесшісі ол барлық дауыстарды түпкілікті санағаннан кейін де жеңілгенін мойындаудан бас тартады деп санайды. Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасаған NBC News арнасы хабарлады.
Телеарнаның хабарлауынша, Трамптың кейбір кеңесшілері оның мүмкін болатын жеңісіне әлі де сенеді және оның күресу әрекеттерін қолдайды екен. Әйтсе де, олардың саны біртіндеп азайып та келеді екен. Оның кейбір көмекшілері ол сайлау нәтижелерін өзгерте алмайтынын түсінетін сияқты.