«Аль-Айн» футбол клубының қазақстандық жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан заңсыз есірткі қолданды деген күдікпен алты айға шеттетілуі мүмкін.
27 жастағы қазақстандық ойыншының ісі Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) бақылауында.
Исламханның кінәсінің дәрежесі мен жазаның мерзімі В үлгісіне байланысты болады.Спортшы жақын арада ресми аккредиттелген WADA зертханасында екінші допинг-тесттен өтуі керек.
Естеріңізге сала кетейік, 18 қыркүйекте Азия чемпиондар лигасының «Аль-Айн» – «Аль-Садд» матчынан кейін алынған А үлгісінде Қазақстан құрамасы капитанының қанынан тыйым салынған зат табылған болатын. Футболшының қандай дәрі қабылдағаны туралы ақпарат жоқ.
Егер Исламханның В допинг-сынамасы да оң нәтиже берсе, ол алты айға дейін дисквалификацияға ұшырауы мүмкін.