Қазалыда сауда орталығы өртенді

Жарияланды
Оқиға салдарынан қаза болғандар және жарақат алғандар жоқ

Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығында – Әйтеке би кентінде сауда орталығы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Оқиға «Ару-Илия» сауда орталығында болды. Сауда орталығының бірінші қабатындағы төбе жабыны өртенген.

  «Өрт жоғары қабаттағы және өзге де бутиктерге жайылу қаупі туындаған. Өрт сөндірушілердің жедел іс әрекетінің арқасында қауіп сейілді. Оқиға салдарынан қаза болғандар және жарақат алғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен келген шығын мөлшері анықталуда», – деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авриялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова. 

 

Сондай-ақ оқыңыз