Жаңалықтар

Алматыда сәнқой бойжеткен 4 рет сотталды

Ол дүкеннен 100 мыңнан 300 мың теңгеге дейінгі киімдерді ұрлап келген

Алматы қаласында сəн əлемінің жаңалығынан қалыспаймын деп жанталасқан 20 жастағы бойжеткен екі жылдың ішінде төрт рет сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол дүкеннен өзіне ұнайтын киімдерді ұрлап алып шығатын кезде автоматты дабыл қосылмас үшін фольгамен қапталған қапшықтарды пайдаланған. Дүкенге əр барған сайын 100 мыңнан 300 мың теңгеге дейінгі киімдерді ұрлап жүрген сәнқой бикешті сот бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға кесті.

Сəнді киінгенді жақсы көретін бикеш енді Алатау аудандық пробация қызметінің рұқсатынсыз тұрақты тұратын жерін, жұмысы мен оқу орнын ауыстыра алмайды. Сондай-ақ кафе, бар сияқты көңіл көтеретін қоғамдық орындарға, мейрамханалар мен түнгі клубтарға баруға да шектеу қойылған.

Қаладан шығуға да рұқсат жоқ.

Бас бостандығы шектелген бойжеткен жаза өтеу талаптарын қасақана бұзатын немесе тағы да қайталап қылмыс жасайтын болса оның жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылатын болады.

Алматы қаласы пробациялық бақылау қызметінің инспекторлары 2020 жылдың өткен 10 айында сотқа жазаларын өтеу талаптарын бұзған адамдарға қатысты 92 материал жіберді, оның ішінде 42 сотталған бас бостандығынан айыру орындарына жіберілді.