Жаңалықтар

Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 55 миллионға жақындады

Инфекцияны жұқтырудың ең көп саны АҚШ-та тіркелген - 11 миллионнан астам

Коронавирустық инфекцияның (COVID-19) расталған жағдайларының саны дүниежүзінде 55 миллионға жақындады. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Worldometer веб-сайтынан алынған жаңартылған мәліметтерге сәйкес, қауіпті инфекцияны жұқтырғандардың саны 54 832 029-ға жетті.

Жалпы, COVID-19 салдарынан әлемде 1 324 664 адам қайтыс болды.

Қауіпті инфекциядан жазылғандар саны 38 146 934-ке жетті.

COVID-19 инфекциясын жұқтырудың ең көп саны АҚШ-та тіркелген – 11 367 214. Штаттарда коронавирустық инфекцияның салдарынан 251 901 адам қайтыс болды.

Коронавирустық инфекциялар саны бойынша АҚШ-тан басқа ТОП-10 елдер қатарына: Бразилия (1165 811), Үндістан (130 109), Мексика (98 542), Ұлыбритания (51 934), Италия (45 229), Франция (44 548), Иран (41 493), Испания (40 769), Аргентина (35 436), Перу (35 231).