Маңғыстаулық шенеуніктер мемлекетке 500 млн теңге шығын келтірген

Жарияланды
Барлығы 9 лауазымды тұлғаға айып тағылып отыр

Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу департаменті құрамында Маңғыстау облысының бірқатар энергетикалық мекемелерінің басшылары мен лауазымды тұлғалары бар қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс қозғаған, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің былтыр наурыз-қазан аралығында энергетика саласында арнайы білімі бар мамандарды пайдалана отырып, Мұңайлы және Жаңаөзен қосалқы станцияларында есепке алмайтын шиналарда есептелетін кернеу және тоқ тізбектерін иіруді іске асырған. Бұл ретте, «Мангистауэнерго» МКК директоры астыртын көмек көрсеткен.  

«МАЭК-Казатомпром» ЖШС, «Мангистауэнерго» МКК, «Өзенэнергосервис» МКК қызметкерлері мен басқа тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 7 бабы бойынша іс қозғалып, сотқа жолданды (ҰҚТ құру және оған қатысу (ҚР ҚК .262-б., 1,2,3-бөлімдері), қорқытып алу (ҚР ҚК 194-б., 4-б., 1,2-т.), рейдерлік (ҚР ҚК 249-б., 3-б., 1-т.), аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтару (ҚР ҚК 245-б., 3-б.), аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын иемденіп алу (ҚР ҚК 189-б., 4-б., 1,2-т.), қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру (ҚР ҚК 218-б., 3-б.) және лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану (ҚР ҚК 361-б., 4-б., 1,3-т.). Барлығы 9 тұлға айыпталуда».

ҰҚТ мүшелері келтірген залалдың жалпы сомасы 500 млн. теңгеден асады. Залалды өтеу мақсатында 110 млн. теңгеден астам сомаға айыпталушылардың мүліктері мен банк шоттарына тыйым салынған.
 

Сондай-ақ оқыңыз