Зеленский Сандуды Молдовадағы сайлауда жеңіске жетуімен құттықтады
Жарияланды
Президент екі ел арасындағы қатынастардың нығаюына сенетінің жеткізді
Украина Президенті Владимир Зеленский Әрекет және ынтымақтастық партиясының (PAS) Төрағасы мен бұрынғы премьер-министр Майа Сандуды Молдовадағы президенттік сайлауда жеңіске жетуімен құттықтады. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
Бұл туралы Зеленский Twitter-де хабарлады.
«Мен Украина мен Молдова арасындағы қатынастардың одан әрі нығаюына және біздің халықтардың еуропалық интеграциясына сенімдімін. Мен сіздің Киевке сапарыңызды асыға күтемін», – Украина көшбасшысы.
Алдын ала нәтижелерге сәйкес, батысшыл Майя Санду 57,7 пайыз дауыспен Молдовада өткен президенттік сайлаудың екінші турында жеңіске жетті.