Алматыда жалған 800 000 АҚШ долларын сатқан адам ұсталды

Жарияланды
Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Алматыда жалған 800 000 АҚШ долларын сатқан адам ұсталды. Бұл туралы ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Telegram каналы хабарлады. 

ҚР ҚМ Қаржылық мониторинг комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті 100 АҚШ доллары номиналындағы жалпы сомасы 293 200 АҚШ долларын құрайтын 2 932 дана жалған шетел валютасын бірнеше рет сату фактісі бойынша Алматы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Оған қоса, ол 600 000 АҚШ долларын сату үшін сақтап келген.

Күдікті азаматқа қатысты соттың санкциясымен қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. 

 

Сондай-ақ оқыңыз