Жаңалықтар

Данияда құс тұмауының өршуіне байланысты 25 мың балапанды жоймақ

Құс еті мен жұмыртқа экспорты уақытша тоқтатылады

Дания билігі  құс тұмауының өршуіне байланысты 25 мыңға жуық тауық балапанын жою туралы шешім қабылданды, деп жазды Ekstra Bladet. Бұл туралы baq.kz хабарлады.

Сондай-ақ құс еті мен жұмыртқа экспорты уақытша тоқтатылады.

 «Біз инфекцияның таралуын болдырмау үшін вирус жұқтырған бір топ құсты жоямыз және елдегі бүкіл құс өсірушілерді барлық сақтық шарасын қабылдауға шақырамыз», – деді Данияның ветеринарлық-азық-түлік басқармасының ветеринары Джон Ларсен.

Сондай-ақ ЕО-дан тыс елдерге құс еті мен жұмыртқа экспортын кемінде үш айға тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.

Данияның ветеринария және тамақ басқармасының хабарлауынша, адамдар арасында құс тұмауын жұқтыру жағдайы әлі анықталған жоқ.