Түркия демалыс күндері жартылай коменданттық сағат енгізді
Жарияланды
Билік жылдың соңына дейін барлық кинотеатрларды жабу туралы шешім қабылдады
Түркия президенті Ердоған коронавирус пандемиясына қарсы күрес аясында демалыс күндері жартылай коменданттық сағат жариялады. Бұл туралы Тасс агенттігі хабарлады.
«Біз жаңа шаралар қабылдау туралы шешім қабылдадық, демалыс күндері сағат 10: 00-ден 20: 00-ге дейінгі уақыт аралығын қоспағанда, коменданттық сағат енгізіледі», – деді Түркия президенті үкімет отырысының қорытындысы бойынша Анкарада өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, республикалық билік осы жылдың соңына дейін барлық кинотеатрларды жабуға шешім қабылдады.