Жаңалықтар

Арменияның экс-президентінің әйелі COVID-19-дан қайтыс болды

Рита Саркисян 58 жаста болған

Арменияның бұрынғы президенті Серж Саргсянның әйелі Рита Саргсян коронавирустық инфекциядан туындаған асқынулардың салдарынан 58 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Тасс агенттігі хабарлады.

 «Өкінішке орай, Рита Саргсян қайтыс болды» деді кеңсе қызметкері.

Бұған дейін армяндық БАҚ Арменияның экс-президентінің әйелі коронавирусты жұқтырған, комада жатыр деп хабарлаған.