Жаңалықтар

Тәжікстанда барлық жаңа жылдық іс-шаралар тоқтатылды

Тиісті шешімді COVID-19-пен күрес жөніндегі республикалық штаб қабылдады

Тәжікстанда барлық жаңа жылдық іс-шаралар тоқтатылды. Бұл туралы Анадолы агентігі хабарлады.

Тәжікстанда коронавирус (COVID-19) пандемиясына байланысты Жаңа жылға арналған барлық мерекелік және көпшілік іс-шаралар тоқтатылды.

Тиісті шешімді COVID-19-пен күрес жөніндегі республикалық штаб қабылдады.

Штабтың шешіміне сәйкес елорданың мәдени саябақтарына жаңа жылдық шыршалар орнатылмайды.

Мереке күндері ел тұрғындары саябақтарда және мәдени демалыс орындарында серуендеуге тек жеке және қоғамдық гигиена ережелері, қорғаныс маскаларын қолдану және әлеуметтік арақашықтықты қатаң сақтау кезінде шыға алады.

Дәстүр бойынша, Тәжікстанда Жаңа жылды тойлау өте кең және ауқымды. Жаңа жыл қарсаңында елдің барлық алаңдары мен саябақтары, негізінен Душанбедегі Дружба алаңы жаңа жылдық шыршалармен безендіріліп, жаппай мерекелер өтеді.

Бүгінде Тәжікстанда коронавирустық инфекциялардың күнделікті өсуі шамамен 40 жағдайды құрайды. Бұл елде коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 11 731-ге жетті, ал қайтыс болғандар саны – 86. Барлығы 11 105 адам қауіпті инфекциядан емделді.