Нью-Йоркте індеттің өсуіне байланысты мектептер жабылды

Жарияланды
Италияда бір күнде коронавирустан 753 адам қайтыс болды

Нью-Йоркте коронавирустық инфекцияның күрт өсуіне байланысты мектептер жабылды. Шамамен 300 мың бала сабақтарын  онлайн режимінде оқиды. Қала билігі бұл уақытша шара екенін және эпидемиологиялық ахуал жақсарған кезде оқу орындары ашылатынын айтты. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми ақпаратының Telegram каналы хабарлады.

Италияда бір күнде коронавирус инфекциясынан 753 адам қайтыс болды. Соңғы рет COVID-19 осыншама адамдардың өмірін қиған жағдай осы жылдың сәуір айында орын алған болатын.

Польшада бір тәулік ішінде 603 адам қайтыс болған. Бұл пандемия басталғаннан бері елдегі ең жоғары көрсеткіш.

Франция билігі дүкен иелерінің Рождество мерекесінің алдындағы үлкен жеңілдіктер жарияланатын «қара жұма» күніне орай сауда орындарының ашылуына рұқсат берілуі туралы өтініштеріне қарамастан, елде 30 қазанда енгізілген шектеу шараларының жеңілдетілуі жоспарда жоқ екенін мәлімдеді.
 

Сондай-ақ оқыңыз