Boeing 737 MAX ұшағы қайта ұшуға рұқсат алуы мүмкін
Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі екі апаттан кейін істен шыққан Boeing 737 MAX ұшағы келесі жылдың қаңтарында қайта ұшуға рұқсат алады деп күтеді. Бұл туралы ұйымның атқарушы директоры Патрик Кай мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
«Мүмкін, біз ұшақты қаңтарда қайтадан қызметке оралуына мүмкіндік беретін шешімдер қабылдаймыз», – деді авиация өкілі.
АҚШ федералды авиация басқармасының басшысы Стивен Диксон лайнердің рейстерін қалпына келтіруге жағдай жасайтын бұйрыққа қол қойды.
2019 жылы 10 наурызда Эфиопия әуе компаниясының Boeing 737 MAX 8 ұшағы апатқа ұшырап, 157 адам қаза тапты. 2018 жылы 29 қазанда 189 адам.
Осыдан кейін көптеген елдер, соның ішінде Ресей, АҚШ және ЕО қауіпсіздік мақсатында осы сериялы ұшақтардың жұмысын тоқтатты.
Кейінірек Boeing MCAS жұмысына өзгерістер енгізді. Жазда 737 MAX жаңартылған жабдықтармен ұшу сынақтарынан өтті.