Ресей мен Аргентинадан әкелінген құс еті өнімдерінің қаптамаларынан коронавирус анықталды
Қытайдың Дунгуань қаласында жергілікті Ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының мамандары Ресей мен Аргентинадан әкелінген мұздатылған тамақ өнімдерінің сыртқы қаптамаларынан коронавирустық инфекцияны анықтаған. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Импортталған өнімдерді тексере келе, атап айтқанда Ресейден әкелінген тауық аяқтары мен Аргентинада өндірілген тауық қанаттарының сыртқы қаптамаларынан мамандар коронавирустық инфекцияны тапқан.
COVID-19 анықталғаннан кейін жергілікті билік өкілдері өнімдерді қайта мөрлеп, қоймаларды дезинфекциялап және өнімдердің қаптамалармен тікелей байланыста болған адамдарды тексеруден өткізген. Барлық сынақтар теріс нәтиже көрсеткені мәлім болды.