Сауд Арабиясында хирург операция үстінде көз жұмды

Жарияланды
Дәрігердің өліміне инфаркт себеп болған

Ортопед-хирург операция жасау кезінде жүрек талмасынан қайтыс болды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz Arablocal сайтына сілтеме жасап.

Аурухананың ортопедиялық бөлімінің басшысы медициналық тексерулерге сәйкес, әл-Эмаридің өліміне инфаркт себеп болғанын айтты.

 «Махди әл-Эмари дәрігер өмірінің соңғы сәтіне дейін жасай алатын құрбандықтың үлгісін көрсетті. Іші қатты ауырғанына қарамастан, ол науқасқа операция жасауды талап етті. Ол өз жұмысын істеп жатып қайтыс болды», – деді доктор Әл Шехри.

 

Сондай-ақ оқыңыз