Ортопед-хирург операция жасау кезінде жүрек талмасынан қайтыс болды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz Arablocal сайтына сілтеме жасап.
Аурухананың ортопедиялық бөлімінің басшысы медициналық тексерулерге сәйкес, әл-Эмаридің өліміне инфаркт себеп болғанын айтты.
«Махди әл-Эмари дәрігер өмірінің соңғы сәтіне дейін жасай алатын құрбандықтың үлгісін көрсетті. Іші қатты ауырғанына қарамастан, ол науқасқа операция жасауды талап етті. Ол өз жұмысын істеп жатып қайтыс болды», – деді доктор Әл Шехри.