Дәрігерлер ине жұтып қойған адамды аман алып қалды

Жарияланды
Науқас ине жұтып қойғанын өзі де байқамаған

Тараздық дәрігерлер өңешіне ине тұрып қалған адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Ауруханаға  аяқ астынан өкпесі шаншып, ауа жетіспей, қиналған әйел адам келіп түсті. 
Оның айтуынша, бірер күннен бері өзін нашар сезіне бастаған. Қала сыртында тұратын ол алғашында ауруына мән бермей, орталыққа қатынауды қиын көріп, жазылып кетер деген сеніммен жүре берген. 

Уақыт озған сайын тамағынан ас өтпей, өңешінде бөгде зат тұрғандай әсер алған соң ғана ауруханаға келген. Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының дәрігерлері шұғыл түрде науқасты рентгенографияға түсіріп, тамағында ине тұрғандығын анықтайды. Науқас ине жұтып қойғанын өзі де байқамаған. 

Хирургия бөлімінің меңгерушісі, эндоскопист-хирург Рахымжан Ғабиден көп ойланбастан, адамның ішкі органдарын арнайы аспап арқылы тексеру әдісімен жасалатын эндоскопиялық ота жасауға шешім қабылдаған.

 «Бөгде затты байқамай жұтып қоятын немесе еріксіз ішке түсіп кететін мұндай жағдайлар – тұрғындар арасында көп кездеседі. Көп жағдайда, нерв талшықтарына тимесе, мұндай әрекеттер алғашында адамды аса мазаламайды. Бірақ, бөгде зат ағзаға өздігінен сіңіп немесе шығып кетпейді. Сондықтан, мұндай жағдайға жол бермеуге тырысу керек,- дейді Рахымжан Ғабиден.

 

Сондай-ақ оқыңыз