Зеленский індеттен жазылды

Жарияланды
Президент халықаралық серіктестерге сауығып кету тілектері үшін алғыс айтты

Украина президенті Владимир Зеленскийдің COVID-19-ға тапсырған тесті теріс нәтиже көрсетті. Бұл туралы Укринформ  хабарлайды. 

 «Менің коронавирусқа тапсырған тест теріс нәтиже көрсетті»,-деді Президент.

 «Медициналық маскалар, өзін-өзі оқшаулау, әлеуметтік қашықтық, теңдестірілген дәрумендік бағдарламалар, спорт режимі қазір міндетті болып табылатынын түсіну керек. Мұның бәрі өте маңызды. Осының бәрі бізге үміт береді»,-деп жазды Зеленский желідегі парақшасында. 

Мемлекет басшысы өзінің Twitter-де шетелдік шенеуніктер мен саясаткерлерге, сондай-ақ жылы лебіз білдіргендердің барлығына алғысын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз