Атақты футболшы Диего Марадона қайтыс болды

Жарияланды
Аргентина футбол қауымдастығы растады

61 жасында Аргентина құрамасының бұрынғы капитаны және бас бапкері Диего Марадона қайтыс болды. Бұл туралы TN телеарнасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. 

Аргентина футбол қауымдастығы Twitter-де футболшының өлімін растады.

ТN телеарнасының хабарлауынша, 30 қазанда ол медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілген. Кейін Марадонаның басына ота жасалғаны белгілі болды. Футболшы 12 қарашада үйіне жіберілген.

Ал Perfil газеті Диегоның жүрегі тоқтап қалды деп жазады. 

Сондай-ақ оқыңыз