Әлемдегі медициналық қолғап шығаратын ең ірі Top Glove кәсіпорнының жатақханалары карантинге жабылды, деп хабарлайды Хабар 24.
Малайзиялық медициналық қолғап шығаратын зауыттадың 5767 жұмысшысы коронавируске тест тапсырды. Олардың 2 мыңнан астамынан індет анықталған.
Қазір жатақханаларға кіреберістерге полиция мен әскер қатаң күзет қойды. Жалпы Малайзия үкіметі 28 зауытты кезең-кезеңімен жабатынын ескертті.
Әлемдегі резеңке қолғаптың 25%-ін шығаратын Top Glove биыл қыруар табысқа ие болды.