АҚШ-та ардагерлер үйіндегі 27 қария коронавирустан көз жұмды

Жарияланды
Бұл мекемеде 200 адамнан індет анықталды

АҚШ-тың Иллинойс штатындағы ардагерлер үйінде коронавирустан 27 қария көз жұмды, деп хабарлайды Хабар 24. 

Бұл мекемеде жалпы  200 адам індетті  жұқтырған.

Мұнда коронавирус алғаш қазан айының аяғында тіркелген. Ол кезде індет бір қызметкер мен бір қариядан ғана анықталған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. 

 «Бар болғаны 20 күннің ішінде вирусты жұқтырған 200 жағдай тіркелген. Ковид анықталған адамдар жұмыс істеуге мәжбүр болған. Оқшауланбай, үйінде де жүре берген», деді  сенатор Сю Резин.

 

Сондай-ақ оқыңыз