АҚШ-тың Иллинойс штатындағы ардагерлер үйінде коронавирустан 27 қария көз жұмды, деп хабарлайды Хабар 24.
Бұл мекемеде жалпы 200 адам індетті жұқтырған.
Мұнда коронавирус алғаш қазан айының аяғында тіркелген. Ол кезде індет бір қызметкер мен бір қариядан ғана анықталған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
«Бар болғаны 20 күннің ішінде вирусты жұқтырған 200 жағдай тіркелген. Ковид анықталған адамдар жұмыс істеуге мәжбүр болған. Оқшауланбай, үйінде де жүре берген», деді сенатор Сю Резин.