Испания жағалауында мигранттар мінген кеме жарға соғылып, апатқа ұшырады
Жарияланды
Төрт босқын қаза тапты
Испания жағалауында Мигранттар мінген кеме жарға соғылып, апатқа ұшырады. Қайғылы оқиғадан 4 мигрант қайтыс болды, деп хабарлайды Хабар 24.
Кемеде барлығы 35 адам болған. Олар Солтүстік Африкадан келе жатқан. 28 мигрант құтқарылды. Қалған 3 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Іздеу жалғасуда.
Биыл Канар аралдарына шамамен 17 мың босқын жүзіп жеткен. Бұл былтырғыға қарағанда 10 есе көп.
Испания билігі босқындарға арнап шатырлар тұрғызуға уәде берген.