Алматы полициясы жалдамалы пәтерде есірткі сақтаған шетелдік азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Біздің бөлімше қызметкерлері қалалық Полиция департаменті Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының әріптестерімен бірге Сейфуллин даңғылы мен Шевченко көшесінің қиылысында орналасқан үйлердің бірінің ауласында есірткі сақтады деген күдікпен Өзбекстан азаматын ұстады. Жедел ақпарат расталды. Ер адам бірден өзін күдікті ұстай бастады. Бұл бекер емес болып шықты. Жеке тінту кезінде ол өз еркімен күртешесінің қалтасынан пакетке оралған ұнтақ тәрізді затты шығарды. Сәл кейінірек тергеу-жедел тобы күдіктінің тұрғылықты жерінен сот-химиялық сараптамаға жіберілген осындай орамдарды тауып, тәркіледі. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөліміне сәйкес жүргізілуде. Ол қамауға алынды», – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.