Жаңалықтар

Көлік жуғызған кезде сақ болу қажет

Көлік жуушы тұрғынның көлігінен банк картасын ұрлап кетті

Ақтөбе облысында көлік жуушы ауыл тұрғының көлігінен оған тиесілі банк картасын ұрлап, ақшаны белгілі бір сайтқа аударған, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Облыс аумағында азаматтардың мүлкін ұрлау, соның ішінде автокөліктен жеке мүлкін ұрлау жалғасуда. Көбінесе бұл қиындықтардың себебі азаматтардың өз мүлкіне немқұрайлы қарауы болып табылады. 

Мәселен, 8 қарашада көлік жуушы Жаңақоныс ауылының 18 жастағы тұрғыны жұмыс орнында жүріп, көліктерді жуу кезінде «Лада Калина» автокөлігінің салонынан 26 жастағы ауыл тұрғынына тиесілі банк картасын жасырын түрде ұрлап, «GOOGLE GARENA» сайтына 42 342 теңге ақша аударған.

 Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады, ол өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Көлік құралына заңсыз кіріп жасалған ұрлық мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ақтөбе облысының Полиция департаменті автокөлік ұрлығын болдырмау үшін кілттерді қосу тетігінде қалдырмауды, ал есіктер мен терезелерді тіпті аз уақытқа да ашық тастамауды ескертеді. Ешқашан автомобиль салонында құнды заттарды, ақша мен құжаттарды көрнекті жерде қалдырмаңыз – бұл бөгде адамдардың назарын аударып, ұрлыққа әкелуі мүмкін.