Германия канцлері Ангела Меркель отандастарына коронавирустық пандемияға байланысты қабылданған шектеулер Рождество мен Жаңа жыл мерекелерінде айтарлықтай жұмсарады деп уәде бере алмайтынын айтты. Бұл туралы interfax.ru хабарлады.
«Адамдар оларды не күтіп тұрғанын білуге құқылы, бірақ, өкінішке орай, біз Рождество мен Жаңа жыл мерекелерінде шектеулерді жеңілдетуге уәде бере алмаймыз», – деді ол парламентте сөйлеген сөзінде.
Қазір Германияда мейрамханалар мен барлар, мұражайлар мен театрлар, спорт клубтары мен бассейндер жабық. Ал мектеп демалысы 19 желтоқсанда басталады. Мұндай шаралар кем дегенде 20 желтоқсанға дейін қолданылады деп күтілуде.