Сингапурда коронавирусқа антиденесі бар нәресте дүниеге келді
Жарияланды
Баланың ағзасында антиденелер бір жылға дейін болуы мүмкін
Жүктілік кезінде коронавирустық инфекцияны жұқтырған сингапурлық әйел COVID-19 антиденесі бар сәби босанды, деп хабарлайды жергілікті Straits Times газеті. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
31 жастағы Селин Нг-Ченге он апта жүктілік кезінде наурызда коронавирус диагнозы қойылған. Газеттің жазуынша, әйел Еуропаға сапарынан оралғанда вирус жұқтырған. Оның ауруы жеңіл болды, екі жарым аптадан кейін ол ауруханадан шығарылды.
Қараша айында Нг-Чен Олдрин есімді ұлды дүниеге әкелді. Дәрігерлер баладан коронавирус белгілерін анықтаған жоқ.