Ухань қаласының (ҚХР) билігі Бразилия мен Вьетнамнан импортталған сиыр және балық өнімдерінің сыртқы қаптамаларынан пакеттерінде COVID-19 табылуына байланысты эпидемиологиялық тергеу бастады. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Ухань қаласының Аурулардың жаппай таралуының алдын-алу орталығының мамандарының айтуынша, коронавирусы бар өнімдер дүкен сөрелеріне жетіп үлгермеген.
Қазіргі уақытта індет табылған жерде жұмыс істеген жүздеген қойма қызметкерлері коронавирусқа қарсы тестілеуден өткен. Қызметкерлердің барлығының сынақ қорытындылары теріс нәтиже көрсеткен. Бразилия мен Вьетнамнан жеткізілген өнімдердің барлық партиясы тексерулерден өтіп жатыр.