Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлерді цифрландыруға 50 млрд теңге қажет

Жарияланды
Инвестиция мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бөлінбек

Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы цифрландыру жиналатын астық пен мал шаруашылығы өнімін 20%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Ал фермерлердің шығыны 15%-ға қысқарады. Алдағы уақытта цифрландыру есебінен жылына жиналатын астық 25 млн тоннаға дейін артады. Бұл жөнінде бүгін үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді.

Алдағы 5 жыл ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 50 млрд теңге 100 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді цифрландыруға инвестицияланады.

Үкімет басшысы еліміздің агроөнеркәсіп кешенін толық цифрландыру өнім өндіруге жұмсалатын шығындарды азайтуға, оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ауыш шарушылығы министрлігінің мәліметі бойынша, биыл бір гектардан 13,2 центр астық жиналып, жалпы 20,8 млн тонна бидай тартылған. 

Премьер-министр сонымен қатар, қазіргі кезде жер қатынастарын цифрландыру аясында жер телімдері, құрылыстар мен ғимараттар жөніндегі деректерді қамтитын Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын құру жұмысы жүргізіліп жатқанын айтып өтті. Үкімет Парламентке тиісті заң жобасын енгізген,  ол көптеген қызметтерді электрондық форматқа көшіруге, жер телімдерін беру тәртібін жеңілдетуге және жалпы халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға жол ашады.

Осы реттте Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы және цифрлық даму министрліктеріне, сондай-ақ өңірлердің әкімдіктеріне бір ай ішінде АӨК және жер қатынастарын одан әрі цифрландырудың жол картасын әзірлеуді, сондай-ақ, 2021 жылы Жерді ғарыштан мониторингтеу бойынша пилоттық жобаны бүкіл республика бойынша таратуды тапсырды.

 

Сондай-ақ оқыңыз