Италия мен Испанияда мереке күндері ел ішінде саяхаттауға тыйым салынды

Жарияланды
Оннан астам адамның жиналуына болмайды

Италия үкіметі 21 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығында аймақтар арасында саяхаттап жүруге тыйым салды. Бұл туралы 24.kz сайты Corriere Della Sera сілтеме жасап хабарлады.

 «2020 жылдың 21 желтоқсанынан 2021 жылдың 6 қаңтарына дейін ұлттық аумақ шеңберінде әртүрлі облыстар немесе автономиялық провинциялар арасындағы кез келген қозғалысқа тыйым салынады. Сонымен қатар 25 және 26 желтоқсанда және 2021 жылдың 1 қаңтарында муниципалитеттер арасындағы кез келген қозғалысқа тыйым салынады», – делінген жарлықта. 

Өз кезегінде Испанияда адамдарға қысқы демалыста облыстар арасында жүруге, сондай-ақ оннан астам адамның жиналуына тыйым салынды.

 

Сондай-ақ оқыңыз