Жаңалықтар

Оңтүстік Африка елінде 170 жабайы пілді аукционға қояды

Шешім құрғақшылық пен пілдер санының көбеюіне байланысты қабылданды

Намибия құрғақшылық пен осы жануарлар санының көбеюіне байланысты 170 жабайы пілді аукционға қояды. Бұл туралы Анадолу сайты ВВС сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік ашық сауда-саттық 29 қаңтарға жоспарланған және оған жергілікті және шетелдік компаниялар қатыса алады деп мәлімдеді. Алайда тендерге қатысушылар жануарларды қорғау шарттарының болуына қатысты барлық қажетті құжаттарды ұсынуы керек.

Намибия былтыр кем дегенде 1000 жануарға аштық қаупі төнген соң сатылатын пілдердің тізімін жасауға шешім қабылдады.

Намибия пілдер саны бойынша әлемде Ботсвана, Зимбабве және Замбиядан кейінгі төртінші орында.