Таразда құны жарты миллион теңгеден асатын автобөлшектерді ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 30 қарашасында полиция бөліміне 69 жастағы әйел үйдің жанында тұрған көлік құралынан автокөліктің дөңгелектері мен бөлшектерінің ұрланғаны туралы шағымданған.
Аталған дерекке қатысты 188-баптың 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Тараз қаласының 24 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Сонымен қатар, ол 22 қарашаға қараған түні газ құралын, автомобиль дөңгелектерін және үйдің гаражынан кілттер жиынтығын да ұрлады деген күдікке ілінді.
Күдікті екі дерекке қатысты кінәсін мойындады. Тергеу амалдары жүргізілуде. Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындарды көліктен бөлшектердің ұрлануына жол бермеу үшін дабыл жүйесімен жабдықтау қажеттігін, көлік құралын үйлердің аулаларында немесе оқшау бұрыштарда түнде қараусыз қалдырмауды ескертеді.