Жаңалықтар

2020 жылдың үздіктері кім?

Bloomberg агенттігі оларды 5 категория бойынша анықтаған

Санаулы күндерден соң аяқталатын 2020 жыл үздіктерінің тізімі жария болды. 50 адамнан тұратын ұзын-сонар тізімді Bloomberg агенттігі ұсынған. 

Үздік тұлғалар 5 категория бойынша анықталыпты: бизнес, ойын-сауық, қаржы, саясат, ғылым және технология. 

«Саясат» категориясы бойынша Беларусь елінің оппозициялық лидері Светлана Тихановскаяның есімі алғашқылардың бірі болып аталады. Сонымен қатар Оңтүстік Америкада коронавирус бойынша өлім саны мен ауру жұқтыру санының төмен деңгейін сақтағаны үшін Уругвай президенті Луис Лакалье Поу да әйгілі адамдар санатына кірген. Сонымен қатар тізімде Black Lives Matter қозғалысының негізін қалаушы Алисия Гарза, Патрис Каллорс және Опал Томети, Әбу-Даби ханзадасы Мұхаммед ибн Заид әл-Нахайян бар. 

Bloomberg нұсқасы бойынша бизнесмендердің ішінде Fifteen Percent Pledge жобасының негізін қалаушы Аврора Джеймс, Econet Group басшысы Страйв Масайиа, Netflix басшыларының бірі Рид Хастингстер бар. 

Ал «қаржы» категориясында Халықаралық валюта қорының директоры Кристалина Георгиева, Robinhood қаржылық компаниясын ашушылардың бірі Байжу Бхатта мен Владимир Тенев, Citigroup жетекшісі Джейн Фрейзерлердің есімін байқаймыз. 

«Ойын-сауық» саласы бойынша Bloomberg әнші Билли Айлиш, комедиялық актриса Селеста Барбер, белсенді Колин Каперниктерді үздік деп таныған. 

Ал «ғылым және технология» бойынша Contemporary Amperex Technology басшысы Зенг Юкун, SpaceX президенті Гвинн Шотвелл, Amazon-ның бұрынғы вице-президенті Тим Брэй және Ақ үй иммунологы Энтони Фаучи бар. 

Сондай-ақ арнайы категорияда АҚШ президенті Дональд Трамп, Ресей президенті Владимир Путин, Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын, Германия канцлері Ангела Меркель және Франция президенті Эммануэль Макрон бар.