Жаңалықтар

Қырғызстан әлемнің барлық елдерінің азаматтарына мемлекетке келуіне рұқсат берді

Келушілерде тек анықтама болу қажет

Қырғызстан коронавирустық пандемияға қарамастан, әлемнің барлық елдерінің азаматтарына мемлекетке келуіне рұқсат берді. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Республиканың Сыртқы істер министрлігі шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдардың тұрақты әуе қатынасымен Қырғызстанға келе алатындығын хабарлады. Бірақ ұшып келушілерде ұшу-қону уақытынан 72 сағат аспайтын уақытта жүргізілген коронавирустық инфекцияның жоқтығын куәландыратын ПТР-зерттеу нәтижелерінің қорытындысы болуы керек.

Сонымен қатар, Қырғызстанға келгеннен кейін санитарлық-карантиндік пункттердің қызметкерлері де тест нәтижелерін тексереді. Егер анықтама мерзімі ұшу ұзақтығына немесе рейстің кешігуіне байланысты біткен болса, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар келген жері бойынша тағы бір рет ПТР сынағынан өтуге міндеттелінеді.