«Saqbol» мобильді қосымшасын қалай пайдалану керек?

Жарияланды
Тұрғындардың кем дегенде 60 пайызы қосымшаны смартфондарына орнатуы керек

Коронавирус инфекциясына бақылау жүргізу мақсатында іске қосылған «Saqbol» мобильді қосымшасын жүктеп алушылар саны күн санап артып келе жатыр. Қазірдің өзінде аталған қосымшаны 100 мыңнан астам пайдаланушы жүктеп үлгеріпті. 

«100 мың адамның жүктеп алу – бұл өте жақсы көрсеткіш, өйткені қосымша тек қазан айында іске қосылды. Бірақ бұл да жеткіліксіз. Тиімді болуы үшін ел тұрғындарының кем дегенде 60 пайызы қосымшаны смартфондарына орнатуы керек. Сондықтан мен қазақстандықтарды сіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін Saqbol қосымшасын жүктеуге және ПТР-тест оң болған жағдайда хабарлама жіберуден қорықпауға шақырамын. Хабарламалар анонимді, ауырғандардың аты-жөнін, мекен-жайын, байланыстарын, орналасқан жерін көрсетудің қажеті жоқ»,– деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Saqbol пайдаланушылардың телефондары арасында Bluetooth арқылы шифрланған деректерді беру арқылы жұмыс істейді. Егер адам COVID-19 ПТР тестін тапсырса және оң сынақтан өтсе, ол соңғы 14 күн ішінде 2 метр қашықтықта 5 минуттан артық байланыста болған адамдарға жасырын түрде ескерту жасай алады. 

Мұндай хабарламаны 100-ден астам адам алған. 

Қосымшаны GooglePlay АppStore дүкендерінен жүктеп алуға болады. 

Еске салсақ, қосымша коронавирустың таралуын бақылау, сондай-ақ Exposure Notification технологиясын (Google және Apple компанияларынан жұқтыру қаупі туралы хабарламалар жүйесі) пайдалана отырып, жұқтыру ошақтарын уақтылы оқшаулау мақсатында құрылды.

Қосымшаның жұмысы дәл сондай қосымша орнатылған басқа құрылғылармен контактілерді жасырын бақылауға және дәл сондай қосымша орнатылған басқа құрылғылармен шифрланған өзара әрекеттесу жазбаларын сақтауға бағытталған.
Бұл қалай жұмыс істейді?

Saqbol қосымшасын смартфонға орнатыңыз, Bluetooth қосыңыз және телефонды үнемі өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Осы қосымшаны орнатқан басқа адамдармен жақын байланыста болған кезде, сіздің смартфондарыңыз Bluetooth арқылы шифрланған сәйкестендіргіштермен алмасады. Сәйкестендіргіштің әрбір бақылау сомасы оны жасағаннан кейін екі аптадан кейін пайдаланушы құрылғысынан автоматты түрде жойылады.

ПТР тестін тапсырғаннан кейін пайдаланушының мобильді нөміріне нәтижені білу үшін Saqbol қосымшасында енгізуге болатын 10 таңбалы коды бар смс хабарлама келеді.

Қосымшаны пайдалану үшін тіркеу қажет емес. Қосымша  ешбір жеке деректерді немесе орналасқан жер туралы деректерді жинамайды немесе жібермейді. Бұл дегеніміз, сіз кіммен байланысқаныңызды және бұл байланыс қайда болғанын ешкім анықтай алмайды.

Егер Saqbol қосымшасының пайдаланушысы коронавирусқа оң нәтиже алса, ол өз қосымшасындағы хабарландыру функциясын іске қоса алады. Бұл соңғы 14 күн ішінде екі метрден аз қашықтықта және 15 минуттан астам уақыт ішінде жұқтырған адаммен байланыста болған қосымшаның басқа пайдаланушыларын ескертеді.

Хабарламаны іске қосқан кезде қосымша автоматты және анонимді түрде бұл туралы қосымшаның басқа пайдаланушыларын хабардар етеді.

Хабарлама алған пайдаланушылар қосымша арқылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұдан ары атқаратын іс-шараларымен таныса алады.

Сондай-ақ оқыңыз