Жаңалықтар

АҚШ-тың зейнетақы жүйесі туралы не білеміз?

Жағдайы төмен зейнеткерлер үшін қосымша жеңілдіктер қарастырылған

АҚШ зейнетақы жүйесі туралы не білеміз? Бұл туралы БЖЗҚ АҚ-ның ресми телеграм-арнасы хабарлады.  

 

1. АҚШ-тың қолданыстағы зейнетақы жүйесі 1935 жылы әзірленді.

2. Американың зейнетақы жүйесі көп құрамдауышты болып табылады: мемлекеттік және жинақтаушы бөліктерден тұрады. Бұл ретте жинақтаушы бөлік жұмыс берушілер мен болашақ зейнеткердің жарналарынан құралады.

3. 1956 жылдан кейін туылған барлық азаматтар үшін жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасы – 67 жас. Егер зейнетке 70 жаста шығатын болса, онда ай сайынғы төлем мөлшері шамамен 20% артады.

4. Зейнетке 62 жаста шығу мүмкіндігі бар, бірақ бұл жағдайда төлем тиісті соманың 70-80% құрайды.

5. Жеңілдікті медициналық сақтандыру зейнеткерлерге 66 жастан бастап беріледі. Жағдайы төмен зейнеткерлер үшін қосымша жеңілдіктер қарастырылған.