Полицияға зорландым деп жалған хабарлаған бойжеткен жазасын алды

Жарияланды
Жалған жала үшін 3,5 жылға бас бостандығын шектелді

Алматы облысында полицияға жалған хабарлаған бойжеткен 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Талдықорған қаласы ПБ Батыс қалалық полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабына сәйкес (Зорлау) дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында тергеуші өтініш берушінің жауаптарындағы бірқатар сәйкессіздіктерді анықтады. Олар анықталған кейбір жайттарға қарама-қайшы келді. Сараптама қорытындыларымен және басқа да объективті дәлелдермен теріске шығарылды. 

Өзге біреудің үстінен полицияға арызданған Көксу ауданы Мұқыры ауылының 19 жастағы тұрғынының өз танысына көрінеу жала жапқаны әшкере болды. Тәртіп сақшылары зорлау дерегі бойынша қылмыстық істі қысқартып, көрінеу жалған сөз жеткізу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу материалдары негізінде осы жылдың қазан айында Талдықорған қалалық сотының үкімімен 19 жастағы қыз кінәлі деп танылып, оған 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
 

Сондай-ақ оқыңыз