Мәртөк АПБ қызметкерлері «Киік» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Байтұрасай ауылдық округінің аумағында заңсыз аң аулау фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Байтұрасай ауылының 33 жастағы тұрғыны өзінің «ТОЗ-34» мылтығымен жабайы қабанды атып өлтірген.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазақстанда экологиялық заңнаманы бұзғаны және браконьерлік үшін жаза қатаңдатылғаны белгілі.
Браконьерлік үшін бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.