Жаңалықтар

Германия COVID-19 салдарынан мектептер мен дүкендерді жабады

16 желтоқсаннан бастап

Германия канцлері Ангела Меркель коронавирустық пандемиямен одан әрі күресу үшін 16 желтоқсаннан бастап азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды қоспағанда, мектептер мен бөлшек сауданың басым бөлігін жабу туралы шешім қабылданды деп мәлімдеді. Бұл туралы  Интерфакс хабарлайды.

 «Сәрсенбіден бастап бөлшек сауда жабық болады, тек азық-түлік пен қажетті тауарларға ерекше жағдай жасалады», – деді ол федералды мемлекеттік органдармен келіссөздерден кейін.

Сонымен қатар шаштараз салондарын жабу туралы шешім қабылданды.

Осылайша, билік 2 қарашада пандемияны басу үшін қабылданған шараларды күшейту туралы шешім қабылдады. Қазіргі шектеулер кем дегенде 10 қаңтарға дейін қолданылады.

Джон Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша Германияда инфекцияның 1 336 101 жағдайы тіркелді. 21 900 адам қайтыс болды.