Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 72 миллионға жетті
Әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың жалпы саны 72 миллионға жақындап келеді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша індетті ең көп жұқтырған елдердің алғашқы бестігі келесідей: АҚШ (16 миллион), Үндістан (шамамен 10 миллион), Бразилия (6,8 миллион), Ресей (2,6 миллион), Франция (2,4 миллион).
Еуропада аурудың алдын-алу және бақылау орталығының мәліметі бойынша Италия COVID-19 – дан қайтыс болғандар саны бойынша Еуропада бірінші орынға шықты – 64 036 құрады.
Швейцарияның бес аурухасының бас дәрігерлері COVID-19 жұқтырған науқастар саны бойынша елде орын арған жағдайға қатысты терең алаңдаушылықтарын білдіріп, мемлекеттің денсаулық сақтау министріне хат жолдаған. Олар жансақтау бөлімшелерінде орын қалмағанын және мейірбикелердің санының аздығын мәлімдеген.